Accessibility links

АҚШ-тың қорғаныс министрі Бішкекте қырғыз президентімен келіссөз өткізді


БІШКЕК: Бүгін АҚШ-тың қорғаныс министрі Р.Гейтс Бішкекте қырғыз президенті Қ.Бәкиевпен екі елдің әскери саладағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. Келіссөзден кейін Р.Гейтс АҚШ-тың “Манас” әуе жайындағы соғыс базасына бет бұрды. Бұл базаны АҚШ Ауғанстандағы терроризмге қарсы соғысы үшін пайдалану үстінде. Бүгін Қырғызстанның қорғаныс министрі Ысмайыл Исақовпен арадағы келіссөзінен соң өткізген баспасөз-маслихатында Р.Гейтс тараптардың әскери саладағы серіктестікпен қатар, басқа саладағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылағанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG