Accessibility links

Дж.Буш Ресейді “АҚШ-тың жауы” деп есептемейді


ПРАГА: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш Прагада зымырандық шабуылдан қорғау жүйесін Еуропаға, оның ішінде Чехияға орнату мәселесін чех президенті Вацлав Клауспен және премьер-министр Мирек Тополанекпен талқылады. Чех лидерлерімен бірлесіп өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буш: “радар жүйесінің бір мақсаты – тәуелсіз елдерді алааяқ режимдердің зымырандық соққы беруі мүмкіндігінен қорғау болып табылады. Сол себепті мен президент Путинге “біздің жауымыз Ресей еместігін” түсіндірдім”, деп мәлімдеді. Өз кезегінде Ресей президенті В.Путин, егер осы жоспар іске асырылатын болса, онда Ресей өзінің ядролық зымырандарын АҚШ-тың Еуропадағы соғыс базаларына қарай бұратынын ескерткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG