Accessibility links

Иран президенті Батысты “арыстанның құйрығымен ойнамауға” шақырады


ТЕҺРАН: Бүгін Иран президенті елінің ядролық бағдарламасын тоқтатуға тым кеш екенін атап көрсетіп, Батыс елдерін “арыстанның құйрығымен ойнамауға” шақырды. Сонымен қатар бүгін Теһранда өткізген баспасөз-маслихатында М.Ахамадинеджад: “БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі бұдан былай Иранға қарсы жаза қолдану туралы Қарар қабылдамасын, жаза қолдану туралы алдыңғы Қарарлары Иран экономикасына еш әсер ете алмады”, -деп мәлімдеді. Қауіпсіздік Кеңес өткен жылдың желтоқсан айына қарай уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатпаған Иранға жаза қолдану туралы 2 Қарар қабылдаған болатын.
XS
SM
MD
LG