Accessibility links

ЕҚЫҰ “Таулы Қарабақ дауын” бейбіт жолмен шешуге үмітпен қарауға шақырады


ЕРЕВАН: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Армения мен Әзірбайжаннан таулы Қарабақтың келешегіне “үмітпен және сеніммен қарауын” сұрайды. Бүгін Ереванда өткізген баспасөз-маслихатында осы Еуропалық ұйымның төрағасы, Испания сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос “Таулы Қарабақ дауын” бейбіт жолмен шешу бағытында екі елдің шынайы жетістікке жеткенін атап көрсетті. Сонымен қатар ол мамыр айындағы парламент сайлауын демократияға жақын өткізген Арменияға жақсы баға берді. Моратинос Бакуде дүйсенбі күні болды.
XS
SM
MD
LG