АҚШ президенті Джордж Буш Беларус, Мьянма, Куба және Вьетнам сияқты елдердегі диссидентерді шарт қоймастан тез арада босатуға шақырды. Бұл туралы Буш Прагада өткен конференцияда айтты. Оған әлемнің әр түкпірінен келген диссидентер қатысқан болатын. “Көптеген танымал диссидентер бізге қосыла алмады, себебі олар әділетсіз түрмеге жабылған немесе үй қамауында отыр”, - деді Буш. Оның атап көрсетуінше, “бүгінгі демократиялық диссидентер ертеңгі демократиялық лидерлер” болып табылады. Вашингтон әлемдегі диссиденттерге қолдау көрсетуін күшейту мақсатында жаңа шараларды қолға алады деп мәлімдеді Буш.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?