Accessibility links

АҚШ президенті Ресейді сынға алды


АҚШ президенті Джордж Буш Ресей демократиялық реформалар ізінен шығып кетті деп мәлімдеді. Бұл туралы Буш сейсенбі күні Прагада өткен “Демократия және қауіпсіздік” деп аталатын конференцияда айтты. Буштың мәлімдеуінше, Америка Құрама Штаттары Қытай мен Ресей сияқты елдермен арадағы қарым-қатынастарын демократиялық құндылықтарға негізделіп одан әрі жалғастырады. Оның алдында президент Буш АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспары туралы Чехия басшыларымен келіссөз өткізген болатын.
XS
SM
MD
LG