Accessibility links

АҚШ президенті мен Германия канцлері келіссөз өткізеді


Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш “Үлкен Сегіздік” саммиті алдында Германия канцлері Ангела Меркельмен келіссөз өткізеді. “Үлкен Сегіздік” басқосуы сәрсенбі күні Германияның Хейлигендамм қаласында басталады. Оның барысында Джордж Буш Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізеді деп күтілуде. АҚШ-тың Чехия мен Польшада зымыраннан қорғаныс жүйесін орнату жоспарына байланысты Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар шиеленісіп отыр. Джордж Буш Ресей АҚШ-тың жауы емес, Кремль бұл жоспардан қорықпауы керек деді.
XS
SM
MD
LG