Баучер алдымен Қырғызстан сыртқы істер министрі Еднан Қарабаевпен кездесті. Ал түстен кейін Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиевпен және премьер-министр Алмаз Атамбаевпен кездесуі тиіс болатын. Кеше Ричард Баучер Бішкекте бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесулер өткізді. Келіссөздер арқауы Қырғызстандағы конституциялық реформа, баспасөз еркіндігі және Қырғызстанның әділет жүйесінде реформа жасауға көмек ретінде Вашингтонның 20 миллион доллар бөліп отырғаны жайында болмақ.