Accessibility links

Бағдадта Ирақтың солтүстігінің Түркия тарабынан атқыланғанына наразылық акциясы өтуде


Ирақ Түркияны күрдтер басым тұратын елдің солтүстік аймағын атқылап, оқ жаудырды деп айыптайды. Наразылық нотасы бүгін Бағдадтағы Түркия елшісіне табыс етілді. Ирақ сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде 6-7 маусым күндері Дохук пен Ирбил қалалары маңайының атқылануынан көлемді материладық шығын келтірілді деп жазылған. Наразылық хаты күрд жаугерлеріне қарсы операциялар жүргізіп жатқан Түркия әскерилерінің Ирақ территориясын атқылағандығын растайтын бірінші құжат.
XS
SM
MD
LG