Accessibility links

Франциядағы парламент сайлауында президентті қолдайтын партиялар жеңіске жетті


ПАРИЖ: Франциядағы парламент сайлауының бастапқы нәтижесі бойынша, билік басындағы “Халық қозғалысы үшін” Одағы мен одақтас партиялардың үміткерлері 41 пайызға жуық дауыс жинап, Францияның Ұлттық жиналысындағы 577 мандаттың 400-ден астамына ие болуы мүмкін. Оппозициялық жетекші партия – социалистер – 27 пайыздай дауыс алып, көп қалып келеді. Центристердің Модем партиясы, әсіре ұлтшыл “Ұлттық майдан” партиясы мен компартияның әрқайсысы 5-тен 7 пайызға жуық дауыстан алды. Француз парламентінің төменгі палатасындағы 577 орынға 80-ге жуық партия мен қозғалыстан 7,640 үміткер түсті. Сайлаудың екінші туры келесі жексенбіде өтеді.
XS
SM
MD
LG