Accessibility links

Иран соты тағы 2 журналисті бас бостандықтарынан айырды


ТЕҺРАН: Иран соты күрдтер тұратын өлкедегі рұқсат берілмеген жиынға қатысқан 2 журналисті 3 жыл түрмеге кесті. Кеше 2 журналисті қорғаған адвокаттардың студенттік ИСНА агенттігі келтірген сөздеріне қарағанда, Иранның солтүстік-батысындағы күрдтер мекендейтін облысындағы Санандаж қаласының соты 2005-інші жылғы заңсыз 2 жиынға қатысқаны үшін Жалал Гавамиді 3 жыл мерзімге, Саид Саедиді 2.5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
XS
SM
MD
LG