Accessibility links

Ресей Сербияның Косово өлкесіне тәуелсіздік беруге қарсы болып қала береді


С.-ПЕТЕРБОР: Кремльдің ресми өкілі мәлімдегендей, Ресей Сербияның Косово өлкесіне тәуелсіздік беру жоспарына қарсы болып қала береді. Жексенбі күні Албанияда сапарда болған АҚШ президенті Дж.Буш: “БҰҰ-ы Косовоға ертерек тәуелсіздік беруге тиіс”, -деп мәлімдесе, Ресейдің ақпарат агенттіктері таратқан хабарға қарағанда, Ресей президенті В.Путин Косовоның келешегіне деген ресми Мәскеудің көзқарасы өзгермейді деп атап көрсетті. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінде Қарар қабылдауға бөгет қоятын құқы бар Ресей Сербиямен бірге Косовоға тәуелсіздік беруге қарсы.
XS
SM
MD
LG