Accessibility links

Израильдің коалициялық үкіметіне кіретін Еңбек партиясы жаңа лидерін сайлайды


ТЕЛЬ-АВИВ: Бүгін Израильдің Еңбек партиясы солшыл-центристік күштердің жаңа лидерін сайлап дауыс береді. Сайлаудың 28-інші мамырдағы бірінші турында Израиль адмиралы әрі барлау қызметінің бұрынғы басшысы Ами Айалоннан басым дауыс алған экс-премьер-министр Эхуд Барактің мүмкіндігі басым саналады. Жеңіске жеткен үміткер өткен жаздағы “Ливан соғысы” үшін ащы сынға қалған қорғаныс министрі Амир Перецтің орнына лидер болады. Барак та, Айалон да Э.Ольмертті өткен жылғы соғыс үшін үкімет басынан кетуге шақырды. Бірақ екеуі де үкіметтен Еңбек партиясының өкілдерін шақыртып алмайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG