ТАЯУ ШЫҒЫС: Палестинадағы жанжалдасқан 2 ұйым өкілдерінің Газа аймағындағы соңғы қақтығысында кем дегенде 15 адам қаза тапты. Дүйсенбі күні “Хамас” тобы мен “ФАТХ” қозғалысының өкілдері Бейт-Ханундағы ауруханада қақтығысып қалып, бірнеше кісі оққа ұшты. Тағы бір жерде Палестина премьер-министрі Исмаил Хания үкіметтің мәжілісін өткізіп жатқан ғимаратқа қарақшылар оқ жаудырды. Мәжіліс үзілді, бірақ кісінің қаза болғаны туралы хабар жоқ.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV