ВАШИНГТОН: АҚШ Сенатындағы Республикалық партияның өкілдері Бас прокурор Альберто Гонзалеске “сенімсіздік білдіру” мәселесін қолдамады. Сенатта көпшілікті құрайтын демократтар өткен жылы 8 федералдық прокурорды жұмыстан босатқаны үшін Гонзалеске “сенімсіздік білдіруге” қажетті 60 дауыс жинай алмады. Үкімет мүшесін “сенімсіздік жариялау” арқылы қызметтен босатуға АҚШ Сенатының ешқандай құзыры жоқ. АҚШ президенті Дж.Буш Бас прокурор А.Гонзалесті қолдай беретінін мәлімдеген болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты