Accessibility links

Болгария үкіметі 5 медбикесін АҚШ-тың көмегімен босатып алуға үміттенеді


СОФИЯ: АҚШ президенті Дж.Буштың мәлімдеуінше, Ливияда өлім жазасына кесілген болгариялық 5 медбикені босату Америка үшін бірінші кезекте тұрған міндет. Еуропада болған 8 күндік сапарын кеше Болгарияда аяқтай келе президент Дж.Буш: “медбикелерді босату – АҚШ-тың басты міндеті”, -деп мәлімдеді. Ресми София Ливиядағы 426 балаға “ғасыр дерті” – СПИД инфекциясын жұқтырды деген айыпппен 1999-ыншы жылы тұтқындалған болгариялық 5 медбике мен палестиналық дәрігер АҚШ-тың көмегімен елдеріне оралады деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG