Accessibility links

Г.Каспаров бейбіт наразылық шерулерінен Кремль қорқады деп санайды


МӘСКЕУ: Ресей оппозициясының Мәскеудегі жиналысында сөйлеген сөзінде шахматтан бұрынғы әлем чемпионы Гарри Каспаров: “осы жиынға полицияның қаптап келуі – Кремльдің бейбіт наразылықтан қорқатынын көрсетіп отыр”, -деп мәлімдеді. Оппозициялық “Другая Россия” немесе “Өзге Ресей” қозғалысы ұйымдастырған наразылық шарасына шамамен 1.5 мыңдай адам қатысты. Одан 2 күн бұрын С.-Петерборда өткен осындай бейбіт наразалық шеруі милицияның араласуынсыз өткен болатын. Алайда Мәскеу үкіметі бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермеген соң, оппозиция қаладағы шеруінен бас тартты.
XS
SM
MD
LG