ВЕНА: “Рейтер” агенттігі хабарлағандай, Венада өз үйінде қамауда отырған Қазақстан президентінің үлкен күйеу баласы Р.Әлиев өз әйелі Дариға Назарбаевамен арадағы некесін қазақ билігі бұның келісімінсіз бұзғанын хабарлады. “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында Рахат өткен дүйсенбі күні Дариғамен ажырасқаны туралы хабар алғанын мәлімдеген. “Осындай хабар жазылған факсті үйімнің шарбағына қыстырып кетіпті. Олар тіпті менің жалған қолтаңбамды қойыпты” деп мәлімдеді бұрынғы елші. Оның артынша енді бұрынғы әйелі Дариға оған телефон арқылы әкесінің қатты қысымымен ажырасуға келіскенін хабарлапты.
Президент Н.Назарбаевтың үлкен күйеу баласы Р.Әлиев өзін зайыбы Дариғадан қайын атасы күштеп ажырастырғанын мәлімдеді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Ескендір һәм "Ғаскер әні". Хасанғалиев шырқаған "Алаш маршының" ерекшелігі неде?
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?