ВЕНА: Ресей мен АҚШ - Еуропадағы кәдімгі қарулы күштер туралы Келісімді жалғастыру ісінде өзара ынтымақтасуға дайын екендерін мәлімдеді. Осы келісімге қол қойған 30 мемлекет өкілдерінің Венада басталған 4 күндік төтенше конференциясында осындай мәлімдеме жасалды. Бұл конференция - өзінің шекарасы бойындағы НАТО күштерінің арта түсуіне алаңдаған Ресейдің бастамасы бойынша шақырылды. НАТО мен бұрынғы “Варшава шартына” мүше елдердің арасында 1990-ыншы жылы қол қойылған Келісім Атлантика мұхиты мен Ресейдің Урал тауы арасына орналастырылған кәдімгі қарулы күштерге шектеу қояды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?