Бұған орай зерттеулерді бастауға парламенттің рұқсат беруін сұраған хатын ол жолдап та үлгерді. Урманаев 2002-ші жылы Жалалабад облысының әкімі болатын. Оның билігі тұсында, 2002-ші жылдың наурызында Ақсы ауданында шерушілерге қарсы полиция оқ ашқан еді. Осы әрекеттерімен полиция және жергілікті билік заңды бұзған болар, деген сауалды қазір Жоғарғы сот қарауда.