Accessibility links

Хамас пен Фатах арасында Газа аймағындағы шайқастар одан әрі өрши түсуде


Аймаққа бақылау орнату үшін болып жатқан бұл шайқас барысында Фатах фракциясына бүйрегі бұратын қауіпсіздік офицерлеріне екі күн ішінде қаруларын тапсыруға Хамас жағы уақыт берді. Газаның солтүстігінде Фатахтың бақылауында болған бірнеше ғимаратты Хамас өз қоластына алды. БҰҰ-ның көмек және жұмыспен қамту агенттігі Газадағы жұмысын тоқтататындығын айтты. Себебі оның екі қызметкері осы шайқастар кесірінен қаза болған еді. Президент Махмуд Аббас атыстардың тез арада тоқтатылуына шақыруда.
XS
SM
MD
LG