Accessibility links

Еуроодақ Сербиядан соғыс қылмыскерлері түгел ұстап беруді талап етеді


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы мен Сербия екі жақты ынтымақтастықты кеңейту туралы келіссөзді қайта жалғастырды. Брюссель мен Белград арасындағы бұл келіссөз – Халықаралық Гаага трибуналы Сербияны соғыс қылмыскерлерін ұстап бермеді деп айыптағаныннан кейін, осыдан 1 жылдай бұрын тоқтап қалған болатын. Алайда кеше Еуроодақтың оны кеңейту мәселесі бойынша арнаулы өкілі Олли Рен бұл келіссөз барлық соғыс қылмыскерін, оның ішінде Босния сербтерінің саяси лидері Радован Караджич пен сербтердің әскери қолбасшысы Ратко Младичті Сербия түгел ұстап бергенде ғана нәтиже беретінін ескертті.
XS
SM
MD
LG