Accessibility links

Сирияға қарсы көзқарас ұстанған 3-інші Ливан депутаты қастандықтан қаза тапты


БЕЙРУТ: Бүгін Ливан Сирияға қарсы көзқарасымен белгілі парламент депутаты Уалид Эйдо мен оның үлкен ұлы және кемінде тағы 9 адам қаза болған кешегі қастандықтың құрбандарын ресми түрде аза тұтады. Бұл жарылыс кеше Бейрут қаласындағы армия клубының жанында болды. Уалид Эйдо – Ливан парламентіндегі Сирияға қарсы көпшіліктің ішінен соңғы 2 жылда қастандықпен өлтірілген 3-інші депутат. Оның саяси одақтастары бұл жарылысты Сирия үкіметіне жүктеді. Сирия әзірше сыр бермеді. БҰҰ мен АҚШ және Еуропа Одағы бұл қастандыққа наразылықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG