Accessibility links

Freedom House тобы Евродақ пен НАТО-ға жаңа қосылған елдер демократия жолынан айныды дейді


АҚШ-та орналасқан демократиялық Freedom House тобы өзінің соңғы баяндамасында Евродақ пен НАТО-ға мүше болғанына қарамастан, Орталық Европа елдері демократиялық дамудан бас тартып, кері кетті деп атап көрсеткен. Бұндай хабарлама Батыспен бірлесуді қалайтын басқа елдерге жасалған өзіндік ескерту тәрізді.

Freedom House ұйымының «Өтпелі кезеңдегі мемлекеттер» деп аталатын жылдық есебінде 29 ел мен бұрынғы Совет одағы аймағында болған елдердің демократиялық жағдайына шолу жасалған. Бұл зерттеулер әдетте бұрынғы Совет Одағының елдері - Ресей, Әзірбайжан және Орталық Азия елдерін жиі қамтитын.

Дегенмен де биылғы жылы зерттеу-шолуға Орталық Европа елдері де кірген екен. Баяндама редакторы Джаннет Геринг былай дейді:

- Мұнда бірқатар кері кетушілік бар, үкіметтер мен саяси партиялардың қай-қайсысында да сенім білдіруде дағдарыс орын алды, жалғасып жатқан реформаларды қолдау түрінде алға жүру демек демократиялық институттар шеңберінде жұмыс істейтін елдер үшін жақсы болған.

Аталған баяндамада атап көрсетілгендей, Орталық Европаның 10 елі - Чех республикасы, Польша, Венгрия, Словакия, Словения, Болгария, Румыния және Балтық елдерінде демократия бағытында әлі де көп жақсы жайттар бар. Ол жайттарға әр елдегі сайлау процесінің бағалануы, тәуелсіз БАҚ-дары, жемқорлық деңгейі және басқа да демократиялық стандарттар кіреді. Бұл біріншіден жетіншіге дейінгі орын-ұпай бойынша бағаланады. Бірінші орында демократия деңгейі ең жоғары деген ел, ал соңғы 7-ші орында демократиялық дамуы ең төмен, жоқ деген елдер тұрады.

Биылғы жылдың шолуында Орталық Европа елдерінің барлығы 1,82 (Словения) және 3,29 (Румыния) аралығында ұпай алды. Тек екі мемлекетті қоспағанда, барлық ел өткен жылғымен бірдей немесе одан төмен ұпаймен бағаланған. Атап айтқанда, демократиялық төмендеу жағдайы Венгрияда орын алды деп көрсетілген. Онда 2006 жылдың қыркүйек айында премьер-министрдің, қайта сайлауда жеңіске жету үшін, елдің ұлттық экономикасы туралы өтірік айтып, жалған ақпар бергенін әшкерелеу барысында саяси жағдайдың ушығып, дағдарысқа жеткені мысалға келтірілген.

Ал тағы бір алаңдатарлық жайттың Польшада орын алғаны айтылады. Сыншылар егіз Качинскийлерді - Польша президенті Лех Качинский мен премьер-министр Ярослав Качинский билікті бір қолға бағындыруға, даулы саясат жүргізіп, елдің азаматтық қызмет корпусын екіге жаруға астыртын әрекет етті деп сынады. Өтпелі кезеңдегі елдер баяндамасының редакторы Герингтің айтуынша, мұнда айтылған жайттар бір жағынан Евродаққа қосылуға ұмтылушы Европа елдері үшін маңызды және оларға айтылған өзіндік ескерту деп атап көрсетеді.

- Демократиялық үкімет дегеніміз ол процес және адамдар түрлі пікірде бола алатын жол. Сол себепті, мен бұл құптарлық ескерту болады деп үміттенемін. Әдетте мұнда екі жолға да көмек бар. Мұнда украиндық, грузиялықтардың немесе молдовандардың Венгрия мен Польшада не болғанын білуіне және оған өзінің сыни пікірін білдіруіне не болмаса оған қысым жасауына болмайды дейтін ешбір себеп жоқ.

Өтпелі кезеңдегі елдер шолуында демократияға қарсы бағыттар көбіне ТМД және Балтық елдерінде, сонымен қатар Грузия, Балқан, Босния-Герцеговина және Сербия елдерінде әлі де жалғасып отырғаны айтылады. Демократия дамуының төмендеуі Ресей, Армения, Әзірбайжан, Украина, Албания, Хорватия, Черногорияда айқын көрініс берген. Ал Молдова, Македония, Косово мен Орталық Азия елдерінде ешқандай өзгерістің болмағаны атап көрсетілген хабарламада.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG