Accessibility links

Ирақтан шетелдік күштер кеткенде де, АҚШ-пен арадағы “серіктестік сақталуға тиіс”


НЬЮ-ЙОРК: Ирақтың сыртқы істер министрі Хошияр Зибаридің мәлімдеуінше, Ирақ үкіметі реформаларды іске асыруда жетістікке жетті. Оның айтуынша, Ирақ халқы АҚШ әскерінің ұзақ уақытқа дейін қалғанын қаламайды, бірақ азамат соғысына жол бермеу үшін қазір АҚШ әскері қалуға тиіс деп есептейді. Егер шетелдік күштер елден кеткен күннің өзінде де, деп мәлімдеді Х.Зибари, қауіпсіздік саласында АҚШ-пен арадағы “кейбір серіктестік сақталуға тиіс”. Ирақ министрі бұл сөздерін Нью-Йорктегі халықаралық қарым-қатынастар Кеңесінде айтты. Оның алдында БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі Ирақтағы АҚШ бастаған халықаралық күштердің мандатын ұзартқан болатын.
XS
SM
MD
LG