Accessibility links

Кремль Дж.Буш пен В.Путиннің АҚШ-тағы кездесуінде “үйлесімді әңгіме болады” деп сенеді


МӘСКЕУ: АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің элементтерін Еуропаға орналастыру жоспары бойынша Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарама-қайшылықтар - оларды қысқа кездесудің барысында шеше қоятындай – тым тереңде жатыр. Кремльдің баспасөз-қызметінің өкілі Дмитрий Песков осылай деп мәлімдеді. Сонымен бірге Ресей жағы Дж.Буш пен В.Путиннің шілденің басында өтетін кездесуінде үйлесімді пікір алмасу болады деп үмітенеді. Ал бүгін АҚШ-тың радар жүйесін орналастыру проблемасын қорғаныс министрлері Р.Гейтс пен Анатолий Сердюков талқылайды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG