Accessibility links

Брюссельдегі НАТО жиыны аяқталды


НАТО қорғаныс министрлері Брюссельдегі 2-күндік келіссөздерін аяқтады. Бүгінгі отырыста Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы талқыланды. Министрлер Ауғанстанда бүлікшілерге қарсы операциялар кезінде қарапайым тұрғындардың құрбан болмауы үшін НАТО-ның елдегі халықаралық қауіпсіздік күштері мүмкіндігінше әрекет етеді деп келісті. Сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сербияның Косово аймағының болашақ мәртебесі туралы мәселені қарастырып жатқан кезде Косовода кез келген азаматтық толқулар мен арандатушылық әрекеттер болып жатса, онымен сол жерде орналасқан НАТО күштері айналысатын болады.
XS
SM
MD
LG