Accessibility links

Францияда Н.Саркози президент сайлауымен қатар, парламент сайлауында да жеңіске жетті


ПАРИЖ: Бүгін Францияда парламент сайлауының ІІ-нші сатысы өтіп жатыр. Сайлаудың өткен жексенбіде болып өткен І-інші сатысында 110 депутат қана сайланған болатын. Бүгін Ұлттық жиналыстың қалған 467 депутаты белгілі болуға тиіс. Саяси сарапшылардың ортақ пікіріше, президент Н.Саркозиді қолдайтын “Халық қозғалысы үшін Одақ” оңшыл партиясының парламенттегі 500-ге жуық орынға ие болатын, яғни президентке қажетті кез-келген заң жобасын қабылдай алатын мүмкіндігі бар.
XS
SM
MD
LG