Accessibility links

Палестинаның жаңа үкіметін Дүниежүзілік банктің бұрынғы экономисі басқарады


РАМАЛЛА: Бүгін Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас Рамалла қаласында болып өткен рәсімнің барысында жаңа үкіметтің мүшелерінен ант қабылдады. Дүниежүзілік банктің экономисі болған премьер-министр Салам Файяд бастаған жаңа үкіметтің құрамында исламшыл “Хамас” ұйымының ешбір өкілі жоқ. М.Аббас “Хамас” пен “ФАТХ” қозғалысы жасақтарының арасындағы қантөгістен кейін “Хамас” тобы басқарған бұрынғы “ұлттық бірлік” үкіметін таратып, автономияға төтенше жағдай орнатқан болатын. Газа аймағын толығымен өзінің бақылауына алған “Хамас” жаңа үкіметті “заңсыз” деп санайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG