Accessibility links

Еуропа Одағының келіссөзі нәтиже таппады


Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері ұйым реформалары жөніндегі келісім жобасын талқылап болды, ешқандай нәтиже шықпады. Келіссөз кеше кешкісін Люксембург қаласында аяқталды. Негізгі пікірталас Польшаның ұсынысы төңірегінде өрбіді. Польша ұйым шеңберіндегі дауыс беру жүйесі әділетсіз, шағын және орта мемлекеттердің үлесі кем, Германия сияқты ірі мемлекеттердің салмағы басым дейді. Германия халқы Польша халқынан екі есе көп.
XS
SM
MD
LG