Accessibility links

Қабул қаласында полиция автобусында бомбаны жанкешті жарды делінеді


35 адам қаза тапты, оның көпшілігі полицияға қызметке жаңадан алынғандар. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің өкілі Земарай Башари шабуылды жанкешті жасады деп жариялады. "Жанкешті шабуылында, қортынды мәлімет бойынша, 35 адам қаза тапты, 52 адам жарақат алды. Олардың арасында кейбір бейбіт тұрғындар бар, олардың санын дәл қазір айта алмаймын. Бұл жанкештінің шабуылы болды, ол автобусқа шабуыл жасады, өзін де жарып жіберді" дейді ауған ресми өкілі. Полицияның басқа ресми өкілдері болса бір адам мұндай қатты жарылысты жасай алмас еді дейді.
XS
SM
MD
LG