Accessibility links

Британ патшайымы “Сайтанның өлеңдері” авторына “рыцарь” атағын беріп, ислам әлемінің наразылығын туғызды


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістан парламенті аты-шулы “Сайтанның өлеңдері” шығармасының авторы Салман Рушдиге ресми Лондонның “британ империясының рыцарі” атағын беруіне қарсылық білдірді. “Сайтанның өлеңдері” жарыққа шыққан 1989-ыншы жылы Иранның рухани жетекшісі аятолла Р.Хомейни “шығарма бүкіл мұсылман әлемінің ар-намасына тиді” деп мәлімдеп, оның авторын өлтіруге нұсқау берген соң, Үндістанда туған С.Рушди - 10-даған жыл Англияда бас сауғалап жүрді. Британ патшайымы ІІ-нші Елизавета оған “рыцарь” атағын сенбі күні беріп, келесі күні Иран да оған ресми наразылығын білдірген болатын.
XS
SM
MD
LG