ЛЮКСЕМБУРГ: Еуропа Одағы Палестина автономиясының төрағасы М.Аббастың “төтенше үкіметін” қолдаудың құрамдас бөлігі ретінде Автономияға тікелей көмек бере бастайды. Бүгін Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерінің Люксембургтегі бас қосуына келген Еуроодақтың сыртқы саясатының басшысы Х.Солана осылай деп мәлімдеді.