Accessibility links

“Талибан” Ауғанстанның оңтүстігіндегі бір ауданды өз бақылауына алды


“Талибан” қозғалысы Ауғанстанның оңтүстігіндегі бір ауданды өз бақылауына алды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз-хатшысы Земарай Башаридің айтуынша, полиция қызметкерлері дүйсенбі күні Қандағар өлкесінің Мянишен ауданынан ығыстырылған. Ал көршілес Орузган өлкесінде орын алған қақтығыстардан 10 қарапайым адам мен 4 полиция қызметкері және 60-ға жуық тәліп құрбан болды, деді Башари. Ол, сондай-ақ, Орузгандағы НАТО шабуылдарынан ондаған қарапайым тұрғын қаза тапты деген хабарды жоққа шығарды.
XS
SM
MD
LG