Палестина президенті Махмұд Аббас Израильмен бітім келіссөздерін қайта жүргізуге дайынмын деп мәлімдеді. Бұл жайында ол АҚШ президенті Джордж Бушпен телефон арқылы сөйлескенде айтты. Буш бүгін кешке Ақ үйде Израиль бас министрі Эхуд Олмертпен кездесуге тиіс. Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы Палестинаның жаңа төтенше үкіметіне қолдау көрсету мақсатында шектеулерді алып тастаймыз, Палестина халқына қайтадан көмек көрсетеміз деді. Палестина президенті Махмұд Аббас Газа секторы "Хамас" тобының бақылауына өтіп кеткен соң, жаңа үкімет тағайындады, жаңа үкіметке "Хамастың" өкілдері жолатылмады.