Accessibility links

Буш пен Олмерт Аббасқа қолдау танытты


АҚШ президенті Дж.Буш Израил премьер-министрі Ехуд Олмерт Палестина автономиясының президенті Махмұд Аббастың жаңа үкіметіне қолдау білдіреміз деп мәлімдеуде. Вашингтонда Бушпен кездескеннен кейін Олмерт Аббаспен ынтымақтастықта боламыз дегенді айтты. Буш Махмұд Аббасты барлық палестиндіктердің президенті деп, оны байсалдылық рухы дей келе, Хамас бірлік үкіметіне шабуыл жасап, Таяу шығыстағы жағдайды ушықтырды деп атап көрсетті. Өткен аптада исламдық Хамас тобы Аббастың Фатх қозғалысымен қарулы қақтығыстардан кейін Газа секторын толықтай өз бақылауына алған соң, Палестина президенті жаңа үкімет жасақтаған болатын.
XS
SM
MD
LG