ТЕҺРАН: Бүгін Теһранда Каспий теңізінің жағалауындағы 5 мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтіп жатыр. Иран мен Әзірбайжанның, Ресей мен Түркіменстанның және Қазақстанның министрлері Каспийдің әлі шешілмеген “құқықтық мәртебесі” проблемасын талдау және 5 мемлекет басшыларының Иранда өтетін саммиті Декларациясының жобасын пысықтайды. Хабарға қарағанда, Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров өзінің ирандық әріптесі Манучер Моттақимен және Иран президенті Махмуд Ахмадинеджадпен екі жақты келіссөз өткізуге тиіс.