БАҒДАД: Ирақта терроризмге қарсы ауқымды операцияның барысында “Әл-Қаида” тобының 30 содырының көзі жойылды. АҚШ әскері басшылығының хабарлауынша, Бағдадтан солтүстікке қараған Диала өлкесінде өтіп жатқан бұл операцияға 10 мыңға тарта АҚШ әскері жұмылдырылды. Бағдадтың орталығындағы шийттердің мешітінде кеше болған жарылыстан мерт болғандардың саны 87-ге жетті, 200-ден астам адам жараланды. Бұл қастандықты әзірше ешкім өз мойнына алған жоқ. Бірақ ресми билік бұл қылмысты сүннит көтерілісшілері мен “Әл-Қаида” содырлары іске асырды деп есептейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
AzattyqTV