ТАЯУ ШЫҒЫС: Израиль армиясының хабарлағанындай, бүгін Газа аймағынан Израильге қарсы зымырандық шабуылға әзірленіп жатқан топқа Израильдің соғыс ұшағы әуеден соққы берді. Оның қарсаңында Израиль үкіметі мен Палестина билігі еврей премьер-министрі Э.Ольмерт пен Палестина автономиясының төрағасы М.Аббастың алдағы аптада кездесетіндерін хабарлаған болатын. Кездесудің нақты күні айтылған жоқ. Өз кезегінде Э.Ольмерт М.Аббасты қолдау үшін Палестинаға тиесілі миллиондаған доллар салықты аударатынын мәлімдеді.