Accessibility links

Д.Назарбаева күйеуі Р.Әлиевпен “қиын да болса саналы түрде” ажырасқанын растады


АСТАНА: Қазақстан президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева өзінің күйеуі Рахат Әлиевпен ажырасқанын растады. Өзінің меншігіне жататын “Қазақстан тудэй” агенттігіне берген сұхбатында Д.Назарбаева ауыр да болса, саналы түрде ажырасқанын айтқан. Бұған дейін Р.Әлиев Дариғамен ажырасқаны туралы хабарды факс арқылы алғанын, бірақ өзінің ажырасуға келісім бермегенін мәлімдеген болатын. Қазір Қазақстанның заң орындары “кісі ұрлады” және “ұйымдасқан қылмыстық топ құрды” деген айыптар тағып, үстінен қылмыстық іс қозғалған Р.Әлиев Венадағы үйінде отыр. Аустрия үкіметі оны Қазақстанға ұстап беру мүмкіндігін қарау үстінде.
XS
SM
MD
LG