Accessibility links

Косовоның мәртебесі туралы БҰҰ-ның шешімі 120 күнге кейінге қалдырылуы мүмкін


АҚШ пен Британия, Франция Қауіпсіздік кеңесіне Косовоның болашақ тәулсіздігі туралы жоспардың жаңа жобасын ұсынды, онда шешім қабылдауды төрт айға шегере тұру айтылған. Батыс жаңалықтар агенттіктерінің хабарларына қарағанда, төрт ай мерзім Косово мен Сербия жетекшілерінің қосымша келіссөздер жүргізуі үшін қажет болмақ. Алайда, Косовоның тәуелсіздігіне қатысты қарарды төрт айға кейін шегеруге Ресей қарсылық танытты. БҰҰ-дағы Ресей елшісі Виталий Чуркин жоспардың жаңа жобасы Мәскеу үшін қабылдауға келмейді деп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG