АҚШ-тың ядролық мәселесі бойынша бас мәмілегері Кристофер Хилл бүгін Пхеньянға келді. Қытай ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пхеньян әуежайында Кристофер Хилл “6-жақты келіссөздің тезірек алға жылжуына” үміт білдірген. Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын тоқтатуға бағытталған келіссөздерге Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей, Солтүстік және Оңтүстік Корея елдері қатысады. Кристофер Хиллдың Пхеньянға сапары жұма күні аяқталады. Ал Қытай сыртқы істер министрі Солтүстік Кореяға шілденің 2-сі күні баратынын хабарлады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан 1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV