Қырғызстан өзінің азаматын және бір шетелдікті шпиондық істерге барды деген күдікпен ұстағанын хабарлады. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің жариялаған мәлімдемесінде күдікті екеудің Бішкекте құпия материалдар мен құжаттарды бір-біріне беріп жатқан жерде ұсталғандығы жазылған. Материалдарды алған адамның ұлты нақты айтылмайды.