Accessibility links

Ауғанстанда әуе шабуылынан 25 қарапайым тұрғын құрбан болды


Хабарларға қарағанда, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде орын алған НАТО әуе шабуылынан 25 қарапайым тұрғын мен соғысушы деп күдіктелген 20 адам қаза тапқан. Полиция басшысы Мохаммад Хуссейн Андиуалдың айтуынша, бейсенбі күні Герешк ауданындағы соғысушылар қарапайым тұрғындандың үйлерін пайдаланып полицияға шабуыл жасаған. Құрбан болғандардың арасында әйелдер мен балалар да бар деп хабарланып отыр. НАТО қауіпсіздік күштері әуе шабуылын растады, қазір қарапайым адамдардың құрбан болғаны туралы хабарларды тексеріп жатырмыз деді.
XS
SM
MD
LG