Германия канцлері Ангела Меркельдің мәлімдеуінше, 27 елден құрылған Еуропа Одағының реформалар жөніндегі келісімінде әлі де шешілмеген проблемалар бар. Оларды шешу үшін Еуроодақтың барлық мүшелері өте көп жұмыс атқаруда, деді Меркель. Бүгін Брюссельде Еуроодақ саммитінің екінші күні өтуде. Германия канцлері мен Франция президенті Николя Саркози кеше Польша президенті Лех Качинскимен келіссөз өткізіп, одақтың дауыс беру ережелерін талқылады. Ал бүгінгі жиналыста осыдан екі жыл бұрын Франция мен Голландия сайлаушылары мақұлдамаған Еуроодақ конституциясына қатысты мәселелер талқыланады деп жоспарланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"