Accessibility links

Евродақ саммитінде уағдаластыққа қол жеткізілді


Евродақ елдері ұзаққа созылған келіссөздерден кейін жаңа Европа келісімінің жобасы бойынша бір ұйғарымға келді. Польша Евродақ елдері ішіндегі дауыс берудің жаңа жүйесіне наразы болып, келісімді қолдамаған. Ең соңында Польша басшылары ағайынды Качинскийлер Ангела Меркелдің Евродақтың өз ішіндегі Польша үшін тиімді қазіргі дауыс беру жүйесін 2017 жылға дейін сақтау туралы ұсынысымен келісіп, мәмілеге келді. Саммитте талқыланған жаңа келісім жобасы екі жыл бұрын қабылданбай қалған Евродақ конституциясын алмастырады.
XS
SM
MD
LG