Accessibility links

Саддам Хұсейннің бөлесі Әли Хасан Әл-Мәжит өлім жазасына кесілді


Ирақ соты ол 1988 жылы күрдтердің зұлматын ұйымдастырды, адамзатқа қарсы қылмыс жасады, соғыс қылмыстарын жасады деп тапты. "Химиялық Әли" деген лақапатпен белгілі Саддам Хұсейннің бөлесі газ шабуылдарын ұйымдастырған. Зұлмат операциясының басшысы Сұлтан Хашим өлім жазасына кесілді. Іс бойынша сотталған Ирақ әскери басшыларының бірі Хұсейн Рашид өлім жазасына кесілді. Тағы екі айыпты азамат өмірлік абақтыға кесілді. Мосыл аймағының бұрынғы әкіміне қарсы дәлел табылмады, ол айыптан босатылды. Зұлмат салдырынан кемінде 180 мың адам қырылған.
XS
SM
MD
LG