Accessibility links

Стамбулда бүгін Қара теңіз елдерінің саммиті өтіп жатыр


Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне 12 мемлекеттің басшылары қатысады. Түркиямен дипломатиялық қатынас жүргізбейтін Армения сыртқы істер министрін жолдады. Күн тәртібінде – көлік инфрақұрылымын жетілдіру, Қара теңіз айналасында жеті жарым мың километрге созылған жол салу жобасы. Ұйымның кезекті төрағасы Түркия ұйымға жаңа серпіліс бергіміз келеді деді. Дегенмен, Армения мен Әзірбайжан, Ресей мен Грузия, Ресей мен Молдова сияқты ұйымның кейбір мүшелері арасында жер даулары шешілмей жатыр.
XS
SM
MD
LG