Өзіне Астанадан жер алып, екі қабатты үй салып жатқан Астана тұрғыны Мәлік Исабеков биылғы жазғы құрылыс маусымы бастала салысымен цементтің бағасы күрт өзгергенін айтады:
- Цементтің бағасы қазіргі кезде өте қымбаттап кетті. Бұрын тоннасы 9 мың теңге болатын, қазір 25-30 мың теңге.
Министр Оразбақовтың айтуынша, цемент бағасының көтерілуінің негізгі себебі - цемент өндірушілері арасындағы баға келісімі болып отыр. Одан басқа себептер жоқ, өйткені электр қуатының бағасы өскен жоқ, ал цементтің құрамындағы заттардың бағасы өспеді, дейді министр Оразбақов:
- Біріншіден, Қазақстанда құрылыс өсіп жатыр. Соған байланысты цемент жеткілікті емес. Бүгінде Қазақстанда цемент зауыттары 5,5 миллион тонна цемент шығарады. 2,5 миллион тонна импорттан аламыз. Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан 2 миллион тоннадай әкелінеді. Бірақ, біздің ойымызша, цментті Қытайдан әкелуге болады. Ондағы баға бізден бес есе арзан.
Оразбақовтың айтуынша, қазақстандық өндірушілер цементті өздерімен байланыста болатын делдалдарға тоннасын 10 мың теңгеден береді. Делдалдар базарда тонна бағасын 25-30 мың теңгеге өсіріп сатып отыр.
«Сөйтіп, ауқымды табыс өндірушіде қалады. Ал, іс жүзінде табыс төмен деп көрсетіліп, салық аз төленеді. Осылайша, олар салық төлеуден қашуы ықтимал», дейді министр. Оразбақовтың айтуынша, қазір министрлік Қазақстанда цемент шығаратын негізгі 4 өндірушінің тергеуін аяқтапты. Солардың ішінде Семей және Өскемен зауыттарында 2005-2006 жылдары нақты баға келісімі жасалды деген тұжырым бар, дейді министр. Енді олардан мемлекет есебіне алынуға жататын монополиялық табыс есептелді, дейді министр Оразбақов:
- Сотқа материалдар берілді. Сот шешімі шықпай тұрып қазір ештеңе айта алмаймын. Біраз айыппұл төлеу керек мемлекетке.
«Егер де құрылыс материалдарының бағасы осылайша тоқтаусыз өсе беретін болса, біз мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында айтылған әр шаршы метрдің құнын 56515 теңге көлемінде ұстай алмаймыз» дейді министр Оразбақов. Ал, Қарағандыда орналасқан «ЦентралАзияЦемент» акционерлік қоғамы цементті өздері шығарып, өздері сатқан күннің өзінде бағаны базардағы бағамен сатып отыр. Компанияның коммерциялық директоры Петр Дурневтің айтуынша базардағы бағаны анықтайтын екі фактор бар: «Біріншісі импорттық цемент бағасы, екіншісі, базар қатысушының ең жоғарғы бағасы».
«Егерде цемент тапшылығы кезінде базардағы бағадан алшақ болсақ, онда өзімізге қысым табамыз», дейді Дурнев.
Министр Оразбақовтың айтуынша «Қорғас», және «Достық» кеден бекеттерінде тізілген көлік кезегі 3 жарым шақырымға созылады. Сондықтан тасымалдау көлеміне шамасы жетпейтін бұл бекеттерді тәулік бойы істейтін режимге көшіру керек. Мен осы аптада кеден салығын алып тастау жөніндегі үкімет қаулысына қол қоюды ұсынып отырмын, дейді министр Оразбақов. Өз кезегінде премьер Мәсімов барлығының қолы бар бұл құжаттар пакеті келесі дүйсенбіде менде болсын деген тапсырма берді. Ал, Қарағандыдағы Цемент зауытының коммерциялық директоры Петр Дурневтің айтуынша қиыншылық кеден төлемдерінде емес кеден бекеттерінің өткізу мүмкіншілігінде.
«Ал, цемент сұранысын қанағаттандыру үшін Қытай шекарасынан тәулік сайын 120 вагон өткізу керек», дейді Дурнев.
Қазақстанның индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақовтың айтуынша цемент саудасын көлеңкелі бизнестен шығару үшін оны биржалық сауда арқылы заңдастыру қажет. Бұл делдалдарды азайтып, тұтынушыларға цементті бірден өндірушіден сатып алуға мүмкіншілік береді.