Accessibility links

Суданның Дарфур өлкесіне “Африка Одағы” мен БҰҰ-ының бітім күштері орналасады


ПАРИЖ: Кеше Парижде Суданның Дарфур өлкесіндегі жанжалды басу проблемасына арналған халықаралық конференция болып аяқталды. АҚШ, Франция, Қытай және т.б. елдердің өкілдері қатысқан форум “Африка Одағының” бітім күштеріне қоса Дарфурға БҰҰ-ының бітім күштерін орналастыру бастамасын мақұлдады. Судан үкіметінің үнсіз қарап отыруымен, жергілікті қара нәсілді халық пен арабтардың қарулы жасақтарының арасындағы 2003-інші жылдан бері жалғасып келе жатқан жанжалдың салдарынан 200 мыңнан астам халық қырылып, 2 миллионнан астам жұрт босып кетті.
XS
SM
MD
LG